АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әлемде бір полярлық пен АҚШ-тың үстемділігі сақталуы тиіс деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл барлығының игілік үшін қажет.
АҚШ бейбітшілік орнатуда жетекші рөл атқаруға мүдделі, — деді ол. Бул туралы ол 17 қазанда Мемлекеттік департаменттің бұрынғы басшысы Кондолиза Райспен әңгімелесу барысында айтты.
«АҚШ-тың таңдауы мынадай: егер біз ұйымның қатысушысы болмасақ, егер біз үстемдік етпесек, бұл мынаны білдіреді — онымен басқа біреу айналысады… немесе… — ешкім айналыспайды. Сонда жақсы нәрселерді толтырмас бұрын жаман нәрселермен толатын вакуум пайда болады», — деп мәлімдеді Блинкен.
Оның пікірінше, АҚШ өзінің ізгі ниетін бүкіл әлемге танытуы тиіс. Ол қазір қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезең үшін жарыс болып жатқанын айтты. Бұл жаһандық деңгейде қандай құндылықтар көрсетілетініне әсер етеді.
РФ президенті Путин алға тартып отырған әлемнің көпполярлылық қағидатты Вашингтон әрбір ел өз дәстүрлеріне, мүдделері мен көзқарастарына сай қажет деп санайтын әлемнің үлгісі ретінде қарастырмайды.
15 қыркүйекте АҚШ Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Ребекка Коффлер Ресей мен Қытай арасындағы ынтымақтастық АҚШ-тың әлемге үстемлһдігіне қауіп төндіретінін айтты. Экс-барлаушының айтуынша, Ресей мен Қытай «АҚШ-тың халықаралық аренадағы рөлін әлсірету үшін күш біріктірмек».