Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

ҚХР шекарасы арқылы жүк тасымалдау екі есеге арзандады

6 апреля 06:38 / Опубликовано в Пікірлер

Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында Қытаймен шекара арқылы өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді.

Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің сайты.

Отырысқа қатысушылар Қытаймен шекарада жүктердің әрі-бері өтуіне қатысты мәселені талқылады. Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді.

Автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға (6,3-тен 14,0 мың КҚ-ға дейін) өскен. Сонымен қатар кедендік құн индексі (КҚИ) және кедендік төлемдер индексі (КТИ) бойынша оң динамика бар: КҚИ көрсеткіші 75%-ға өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), КТИ көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өсті.

«Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктіне келер болсақ, тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында оның өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артты. Бұл орайда бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталды, бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилот іске қосылды.

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 КҚ ауыстырып тиелді. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді.

Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде МКК, ҰҚК ШҚ және ҚТЖ-Экспресс ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: жүк тасымалдау, шекара, Қазақстан, Қытай, үкімет, Әлихан Смайылов

Читать ещё

Польша мен Балтық елдері мигранттарды қабылдамайды
Алексей Цой: «КВИ-ді қайта жұқтыру қаупі бар»
Қазақстан шетелдік БАҚ таққан айыптарға жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • eGov платформасында қазақстандықтардың жеке деректері қорғалмаған

    Қазақстан билігі eGov платформасында қазақстанд...
  • Рязань маңында ұшақ құлады

    Ашық дереккөздердің хабарлауынша, жерге құламас...
  • Ердоған Түркия президенттігіне үшінші рет түспек

    Түркия Әділет министрлігі Ердоған президенттікк...
  • Шымкентте Ресей азаматы өлі күйінде табылды

    Із-түссіз жоғалып кеткен ресейліктің мәйіті 31 ...
  • Алматыда жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

    Жасөспірім досын аса қатыгездікпен өлтіріп, кей...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: