АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен Донбастағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, Стокгольмде өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде Блинкен мен Кулеба екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.
Бұл туралы бейсенбі күні таратылған Мемлекеттік департамент баспасөз қызметінің басшысы Неда Прайстың жазбаша мәлімдемесінде айтылған.
«Мемлекеттік хатшы Блинкен мен Сыртқы істер министрі Кулеба Донбастағы қақтығысты дипломатиялық, бейбіт жолмен шешу және оның халықаралық дәрежеде танылған шекараларында Украинаның егемендігін толық қалпына келтіру қажеттігін талқылады», — делінген мәтінде. «Сондай ақ, Мемлекеттік хатшы мен Сыртқы істер министрі екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселесін талқылады», — деп хабарлады Прайс.