Румыниядағы Ресейдің әскери атташесінің көмекшісі нон грата тұлғасы деп жарияланды

Министр Богдан Аурескудің өкімімен Румыния Сыртқы істер министрлігіне 26 сәуірде Ресейдің Бухаресттегі елшісі Валерий Кузьмин әңгімелесуге шақырылды. Әңгіме барысында оған ел билігінің Ресей әскери атташесінің көмекшісін нон грат тұлғаны деп тану туралы шешімін айтты.

Румыния билігі Бухарестегі Ресей елшілігінің әскери атташесінің көмекшісін нон грата тұлғасы деп жариялады. Бұл туралы дүйсенбі күні Румыния СІМ хабарлады.

Сыртқы саяси ведомство «дипломаттың қызметі 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне қайшы келеді» деп мәлімдеді.

«Румыния СІМ Румыния билігі ел аумағында Бухаресттегі Ресей Федерациясы елшілігінің әскери атташе көмекшісін нон грата деп жариялау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды», — делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Добавить комментарий