Қазақстандық шенеуніктер бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін жауапқа тартылады.
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мәлімдегендей, 2021 жылдың басынан бері бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін 11 лауазымды тұлға жазаланды.
Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі шамамен 570 млрд теңгені құрады. Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру аса маңызды деп санаймыз. ҚР ӘҚБтК-ге тек екі дефиниция енгізілді. Тағы үш дефиницияны жаңа норманың жұмыс жасау нәтижелері бойынша қарау туралы шешім қабылданды, — деп атап өтті Годунова.
Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері 11 лауазымды тұлға жазаланды.
Норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заңбұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға септігін тигізуде. Бірақ әзірге тек өте тар шеңберде қолданылуда, — деп қорытындылады Есеп комитетінің басшысы.