15 наурыздағы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,58 теңгеге дейін төмендеді. Соңғы тәулік ішінде доллар 0,45 теңге түсті, бір айда 1,37 теңгеге көтерілді. Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы: доллар — сатып алу 449,5-450 теңге, сату 450,5-451 теңге; еуро — сатып алу 489-489,5 теңге, сату 492-492,5 теңге; рубль — сатып алу 4,81-4,83 теңге, сату 4,89-4,93 теңге. ICE биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 85 доллар болды.