Қазақстанда бүгінгі сауда-саттық 419 теңгеден басталды

Теңге мереке алдындағы сауда-саттықпен салыстырғанда долларға қатысты шамалы арзандады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 2021 жылғы 9 наурыз күнгі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 419,72 теңгені құрады. 5 наурыздағы таңғы деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 419,48 теңге) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,24 теңгеге арзандады. Бұл туралы іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.

Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаның ең жоғары сату бағамы — 419,5 теңге, Алматыда — 422 теңге.

Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаның ең жоғары сату бағамы сағат 11:15-тегі жағдай бойынша — 419,5 теңгені, Алматыда — 422 теңгені құрайды.

Ұлттық банктің ресми (нарықтық) бағамы 9 наурызда 1 доллар үшін 419,66 теңгені құрады. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгіленеді.

Добавить комментарий