Қытайда ел үшін бұрын-соңды болмаған шешім қабылданды. Ерлі-зайыптыларға үш балалы бола алады.
Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросының отырысында ерлі-зайыптыларға үш балалы болуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Ел билігі кезекті рет жеңілдік жасады
Қытайда 70-ші жылдардан бері «Бір отбасы — бір бала» қағидаты бойынша демографиялық саясат жүргізіліп келеді. Бұл шешім халық санының артуы мәселесін шешу керек еді, алайда туу санын қатаң шектелудің нәтижесінде елде басқа проблема туындады. Қартайған халықтың саны артып, ал жастар азайып кетті.
Қазіргі таңда Қытайда 60 жастан асқан 200 миллионға жуық тұрғын бар. Сарапшылардың бағалауынша, егер үрдіс өзгермесе, 2050 жылға қарай қарттар Қытай халқының 35%-ын құрайтын болады.
Осыған байланысты 2014 жылы бала тууды шектеу бойынша кейбір шаралар тоқтатылды — кем дегенде біреуі отбасындағы жалғыз бала болған отбасыларға екі балалы болуға құқылы болды. 2016 жылдан бастап Қытайдағы барлық отбасыларға екі бала алуға рұқсат берілді.