Франция Шенген аймағына үш елдің қосылуын қолдайтынын білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44175-1670530948-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Франция Шенген аймағына үш елдің — Хорватия, Болгария және Румынияның Шенген аймағына қосу туралы ұсынысты қолдайтынын хабарлады

Франция Хорватия, Болгария және Румынияның Шенген келісіміне қосылуын қолдайды, деп мәлімдеді 8 желтоқсанда республиканың ІІМ басшысы Жеральд Дарманен Еуроодақ елдері ІІМ басшылары кеңесінің кездесуі алдында.

«Франция үш елдің — Хорватия, Болгария және Румынияның Шенген аймағына қосылуын қолдайды. Бұл еуропалық елдер және олар өз шекараларын бақылау бойынша көп күш-жігер жұмсады. Барлығы қолдайды деп ойлаймын», — деп атап өтті ол.

Дарманен аталған елдер Шенген аймағына кіргенде ЕО Балқан елдерінен Еуропаның басқа елдеріне мигранттардың ағынын шектеуге мүмкіндік болатынын айтты.

18 қарашада Австрия ІІМ басшысы Герхард Карнер елдің Болгария мен Румынияның Шенген аймағына қосылуына қарсы екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Еуроодақтың көші-қон жүйесі жұмысқа тиімді емес, осыған байланысты шекаралық бақылау қажетті деңгейде жүзеге асырылмай жатыр, сондықтан ЕО-ға мүше елдер өз шекараларын өздігімен қорғауға мәжбүр.

Добавить комментарий