Кеше, жексенбі күні, 2020 жылдың 15 қарашасында, биік тауда орналасқан Есік көлінен 50 шетелдік турист эвакуацияланды
Толығырақ ақпарат. Есік көліне барар жолда жолаушылар автобустарының бірі жол жиегіне қалған, ол басқа да туристер отырған автобустың қозғалысына кедергі келтірген. Жедел қабылданған шаралар аясында 50 шетелдік және жергілікті турист құтқарушылардың сүйемелдеуімен Есік орман шаруашылығының экологиялық бекетіне дейін жаяу түсті, олардың бір бөлігі тұрып қалған автобуста болды, қалғандары көлден қайтты, — деп хабарлады Алматы облысының ТЖД.
Құтқарушылар туристерді үш топқа бөліп, радиостанциялары бар офицерлерді әр топқа бекітіп, барлығын аман-есен эвакуациялады.
Экопостта туристерді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі дайындаған автобустар күтіп, оларды Есік автовокзалына дейін жеткізді.
Жолда қалған жолаушылар автобусы жазғы шиналармен жүргені белгілі болды. Бірнеше сағат ішінде ол тұрып қалған жерінен шығарылып, кері қайтарылды.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік мақсатында Есік көліне кіру жолы жабылды.