Бельгия Украинаға F-16 ұшағын жіберу мүмкіндігін қарастыруда

Бельгия премьер-министрі Александер Де Кроо қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту аясында Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын жіберу мәселесін қарастырып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Де Кроо Бельгия Қорғаныс министрлігіне F-16 ұшақтарының жағдайын бағалап, оларды Украинаға жіберуге болатынын не болмайтынын анықтауды сұрады. Бельгия үкіметінің басшысы аталған ұшақтарды пайдаланудың барлық ықтимал нұсқаларын қарастыру маңызды екенін атап өтті.

Бельгия вице-премьер-министрі Дэвид Кларинваль келесі жылы Украинаға 2-4 бірлік F-16 жойғыш ұшағын жіберу мүмкіндігін растады. Бельгия Әуе қорғаныс күштерінің барлық 45 бірлік F-16 жойғыш ұшағын пайдалану мерзімі алдағы 5-6 жылда аяқталады. Келесі жылдың басынан бастап Бельгияға F-35 жаңа жойғыш ұшақтары жеткізіле бастайды, олар біртіндеп F-16 жойғыш ұшақтарын алмастырады

Бұл шешім екі ел арасындағы белсенді ынтымақтастық аясында қабылданды. Бельгия үкіметі жақында «авиациялық коалиция» аясында украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруды үйрету үшін қатысатынын бекітті. Сондай-ақ, 2024 жылы Бельгия Қорғаныс министрлігі украиналық ұшқыштардың біліктілігін арттыру үшін Данияға екі бірлік F-16B оқу-жаттығу ұшағын жібереді.

Добавить комментарий