НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізе ме?

РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков Украинада өтетін Sea Breeze — 2021 оқу-жаттығуларына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

Ауқымды оқу-жаттығулар 28 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді, оған Украина, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Нидерланд, Румыния, Болгария, Грекия, Түркия, Латвия және басқа да серіктес елдердің әскерилері қатысады.

Барлығы 4 мыңға жуық әскери қызметші тартылады.

Заманауи қару-жарақ пен оқ-дәрілер Донецк және Луганск облыстарындағы Киевтің бақылауында емес аймақтарда орналасқан украин әскерлері мен ұлтшыл құралымдарға жеткізілетін болады.

«Дәл сол жерге жаттығуды өткізу үшін деген желеумен украин әскерлеріне заманауи қару-жарақ, оқ-дәрілер мен материалдық мүлікті жеткізу жоспарлануда», — деді Қонашенков.

«Алдағы уақытта, бұрынғы жылдардағыдай, мұның барлығы Донецк және Луганск облыстарындағы Киевтің бақылауында емес аумақтардың жанында орналасқан украин әскерлері мен ұлтшылдық құрылымдарға бағытталатын болады», — деді генерал.

Ресей Қорғаныс министрлігі НАТО елдерінің Sea Breaze оқу-жаттығуларының дайындығы мен өткізілуін қадағалап, РФ қауіпсіздігі мүддесіне әрекет ететінін мәлімдеді.

«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі НАТО елдерін тарта отырып, Sea Breeze украин-американ оқу-жаттығуының дайындығы мен өткізу барысын мұқият қадағалайтын болады және қажет болған жағдайда Ресей Федерациясының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде қалыптасқан жағдайға барабар әрекет ететін болады», — деді ол.

«Осы оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші, 40 жауынгерлік кеме, катерлер мен қосалқы кемелер, 30 бірлік авиациялық техника және 100-ден астам автомобиль мен броньды техника жұмылдырылды», — деді Қонашенков.

Ол оқу-жаттығулар «батыс елдері тарапынан Ресейдің оңтүстік-батыс шекараларындағы әскери әлеуетін арттырғаны туралы айыптаулар аясында» өткізілетінін атап өтті.

«Украина аумағындағы украиналық құрлықтағы әскерлермен арнайы операциялар күштерінің бірлескен іс-қимылдары үшін теңіз десантын қолдану жоспарланған», — деді ол.

«Нақты айтқанда, — Херсон және Николаев облыстарындағы әскери полигондарда», — деп нақтылады генерал.

Оның айтуынша, оқу-жаттығудың белсенді кезеңі екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде басқару және байланыс пункттерін өрістету, операцияны жоспарлау, жауынгерлік кемелер жасақтарын қалыптастыру және авиацияны тарату әуеайлақтарына көшіру міндеттері пысықталатын болады.

Екінші кезеңде қарсыластың су үсті, сондай-ақ су асты кемелерінің атыс кезінде зақымдануын, әуе шабуылына және қайыққа қарсы қорғанысты қамтитын «жағдайды тұрақтандыру» жөніндегі шаралар кешені көзделген.

«Осылайша, оқу-жаттығу мәртебесі, тіпті атауы бойынша теңіз болғанымен, оның әскери белсенділігінің шынайы шекарасы Қара теңіз акваториясының украин учаскесінен тысқары жерлерде жүреді. Дәл сол, Украина аумағында арнайы операциялар күштері міндеттерді бірлесіп орындау кезінде құрамында әр түрлі ұлт бар ССО бөлімшелерінің өзара іс-қимылын сондай-ақ тікұшақтардан түнгі уақытта парашютпен және шабуылмен десанттауды пысықтайтын болады», — деп атап өтті Қонашенков.», — деп атап өтті Қонашенков.

Добавить комментарий