Армиядан қашып, Беларусьтен саяси баспана сұраған поляк сарбазын поляк соты алты айға бас бостандығынан айырды.
Сот өкілі Эмиль Чечконың алкогольді асыра пайдаланып, анасына физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлады.
Сәрсенбі күні Ольштын қаласының округтік соты айыптау үкімін шығарды. Сарбаз өз анасын қорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы PAP агенттігі хабарлады.
«Айыпталушы ішімдікке сылқия тойып алып анасына физикалық және психологиялық қорлау сипатына ие болған әрекеттер жасады», — деп хабарлады сот өкілі. Сондай-ақ Эмиль Чечкоға бір жыл бойы анасына 50 метрден кем қашықтықта жақындауға тыйым салынған.
Ольштын аудандық соты өз шешімімен Бартошица аудандық сотының бұрынғы үкімін бекітті. Эмиль Чечко 7 мамырда отбасылық жанжал кезінде шақыруға келген полиция наряды Чечконы ұстап әкеткен болатын.
Польша ҚК 16-шы Помор механикаландырылған дивизиясының әскери қызметшісі Эмиль Чечко 16 желтоқсанда Беларусь жеріне өтіп, Польшаның мигранттарға қатысты аяусыз саясатына қарсы екенін айтып Белорусьтен баспана сұрады.
Польша қарулы күштері Чечконың қашып кеткені үшін айыптады ол әскери сотқа тартылуы мүмкін.