Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони өкпе инфекциясына байланысты 12 күн жансақтау бөлімінде болған соң миландық Сан-Раффаеле ауруханасының интенсивті терапия бөлімінен шығарылып, палатаға ауыстырылды.
Дәрігерлер лейкемия диагнозын қойғанына қарамастан, оның жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлайды. Берлускони үш рет Италия үкіметінің басшысы болған, соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалды.
Ол Украинаға қатысты әртүрлі пікір білдіріп, премьер болғанда президент Зеленскиймен кездеспейтінін мәлімдеген.