Беларуське қарсы жаңа санкциялар келісілді

ЕО тұрақты өкілдері Беларуське қарсы бағытталған жаңа санкция салу туралы шешім қабылдады.

Ол бірқатар шенеуніктер мен өнеркәсіп салаларын қамтиды

ЕО елдерінің тұрақты өкілдері Белоруське қарсы жаңа шектеу шараларын мақұлдады, ол бірқатар шенеуніктер мен өнеркәсіп салаларын қамтиды. Бұл туралы сәрсенбі күні ЕО-дағы француз өкілдігінің Twitter-де жариялаған хабарламасында айтылған.

«ЕО елдерінің тұрақты өкілдері комитеті («Корепер») Беларусь шенеуніктер мен Украинаға қарсы ресейлік агрессияға қатысқан әскерилерге, ел экономикасының бірқатар секторларына, атап айтқанда ағаш өңдеу, металлургия және калий салаларына қарсы жаңа санкция салуды мақұлдады», — делінген мәлімдемеде.

Добавить комментарий