Мәскеуде Алексей Навальныйды қорғауға арналған наразылық шараларына қатысқан 1251 адам қамауға алынды

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Мәскеу соты қаңтар айында өткен оппозиционер Алексей Навальныйдың қорғауға арналған наразылық шараларына қатысқаны 1251 адамды қамауға алды.

Мәскеу сотына рұқсат етілмеген акцияларға байланысты әкімшілік бұзушылықтар туралы барлығы 5716 іс келіп түсті. 1251 адам тұтқындалып, 2500 адамға айыппұл салынды.

1218 адам «Жиналыст, митинг ұйымдастыру немесе өткізудің белгіленген тәртібін бұзу» бабы бойынша, ал 33 адам «Полиция қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау» бабы бойынша қамауға алынды.

Санкт-Петербург сотына 1659 іс келіп түсті, қанша адам қамауға алынғаны хабарланбады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 және 31 қаңтарда, сондай-ақ 2 ақпанда Навальныйдың сот болған күні бүкіл Ресей бойынша жаппай наразылық шаралары өтті. «ОВД-Инфо» хабарлауынша, ел бойынша шеруге қатысқан 11 мыңға жуық адам ұсталды. Наразылық іс-шараларының қорытындысы бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, олар «тәртіп сақшысын қарсы күш қолдану, жолдарды жабу, бұзақылық, мүлікке зақым келтіру, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау және кәмелетке толмағандарды заңға қайшы әрекеттерге тарту»

Бұған дейін оппозиционердің баспасөз хатшысы Алексей Навальныйдың бауырын және оның төрт серіктесін 23 наурызға дейін үйқамаққа алынғаны хабарланған болатын.

Добавить комментарий