Беларусиянвң Бас прокуратурасы Светлана Тихановскаяға және басқа да оппозиционерлерге қарсы қылмыстық іс қозғады

Беларусияның Бас прокуратурасы президенттікке экс-үміткер Светлана Тихановскаяны және оппозицияның үйлестіру кеңесінің мүшелерін экстремистік қауымдастық құрып, оған басшылық етті, мемлекеттік билікті конституциялық емес жолмен басып алу мақсатында оның қызметін қаржыландырды деп айыптайды, делінген ведомство сайтында.

Үйлестіру кеңесі деп аталатын ұйымның мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеу комитеті тергеу барысында алған деректерді ескере отырып, «Қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-бөлігі «Ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруге бағытталған әрекеттерге шақыру» бойынша Светлана Тихановская, Мария Колесникова, Максим Знак, Павел Латушко, Ольга Ковалькова, Сергей Дылевскийге және экстремистік құрылым құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдадым», — делінген хабарламада.

Тағы бірнеше оппозиционерге қарсы Бас прокуратура экстремистік құрылымның қызметін қаржыландырғанына байланысты қылмыстық іс қозғады.

«Сонымен қатар, Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша тергеу комитеті үйлестіру кеңесі деп аталатын ұйымның мүшелері мен өзге де тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 357-бабының 1-бөлігі «Мемлекеттік билікті конституциялық емес жолмен басып алу мақсатында жасалған қастандық» бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.

Қазан айында Беларусь ІІМ Светлана Тихановскаяға конституциялық құрылымды құлатуға шақырған ісі бойынша мемлекетаралық іздестіру жариялаған болатын.

Оппозиция жетекшісі қазір шетелде жүр. 10 желтоқсан күні ел оппозициясы 14 елде Беларусь халық елшіліктерін ашты.

Добавить комментарий