Беларусьта Гомельдегі жаппай тәртіпсіздіктер мен ғимараттарды басып алды деп айыпталған Тихановскаяның сенімді адамдарына қатысты тергеу аяқталды.
Беларусь тергеу комитеті оппозиция жетекшісі және президенттікке экс-үміткер Светлана Тихановскаяны экстрадициялау туралы құжатты бас прокуратураға жіберді, деп хабарлайды ведомство сайты.
ТК былтыр тамызда Гомельдегі жаппай тәртіпсіздіктер мен ғимараттарды басып алды деп айыпталған Светлана Тихановскаяның төрт сенімді өкілдеріне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
«Жоспарды жүзеге асыру үшін олар бұрынғы әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ТЖМ қызметкерлерінің арасында мүдделі адамдарды іздеді. Айыпталушылар 5 тамызда кездесуді ұйымдастырды, оған Тихановскаяның өзі де қатысты. Сотталушылар оның қатысуымен Гомельдегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшіліктер мен атқару комитеттерінің ғимараттарын басып алу, өз адамдарын басшы мен төраға орнына тағайындау жөніндегі жоспарды талқылады. Жоспарды қолдау білдірген ол, ол электрошокерлер, газ баллондары, рациялар, мегафондар, микрофондар, қылмыс жасауға арналған өзге де заттар мен құралдарды сатып алуға ақшалай қаражат беруге келісті «, — делінген хабарламада.
Тихановскаяның пікірлестері өткен жылдың 6-8 тамыз аралығында ұсталды. Қылмыстық іс материалдарына кездесудің бейнежазбасы мен сараптамалық зерттеулердің нәтижелері қоса тіркелді. Фоноскопиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бейнежазбадағы дауыстар айыпталушыларға, президенттікке экс-үміткерге және оның сенімді өкілдеріне тиесілі.
Тергеу нәтижелері бойынша іске қатысты айыпталушыларға айып тағылып, олардың барлығы қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта Тихановскаяға іздеу салынды. Оны экстрадициялау үшін тиісті құжаттар Бас прокуратураға жіберілді», — деп хабарлады Беларусь ТК.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 9 тамыз күні Беларусьте президенттік сайлау өтті, онда Александр Лукашенко 80,1% дауыспен жеңіске жетті. Екінші орынды Светлана Тихановская иеленді. Оппозиция сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санады. Елде жаппай толқулар басталып, олар әлі күнге дейін жалғасып келеді. Светлана Тихановская елден кетіп қалды, қазір Литвада.