Wolt компаниясы наразылық шарасына қатысқан 40 курьердің аккаунтын бұғаттады. Ұйымның әкімшілігі ұсынған ресми нұсқаға сәйкес, курьерлер штаттағы қызметкерлердің өміріне қауіп төндіріп, тапсырыстар үшін ақыны қолма-қол ақшамен алудан бас тартқан.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, бұғатталған барлық курьерлер өткен аптаның ортасында өткен наразылық шарасына қатысқан.
Өткен аптаның соңында курьерлер Wolt жүйесінде «тұрақты мерзімге» бұғатталды, деді ереуілшілердің бірі. Оның айтуынша, компания онымен жасалған келісім-шарттың бұзылғанын айтып, осы шешімге не себеп болғанын түсіндірмеді.
Курьерлердің бір бөлігі қолма-қол ақшамен тапсырыс қабылдаудан бас тартқандықтан платформаға кіре алмай отыр. «Қазір мұндай тапсырыстарда проблемалар туындап отыр. Бұрын бізде тек онлайн төлем болған, бірақ қазір клиент бізге қолма-қол ақша бере алады және біз Qiwi-терминал арқылы компанияға [осы ақшаны] жібереміз. Кейбір жігіттер ақшаны аударады, бірақ Wolt жүйесі ешқандай ақша түспегенін көрсетіп, содан кейін олар бірден бұғаттайды. Біз әрдайым чекті бергенімізбен, бізге ештеңе білмейміз, ақша түспеді дейді. Курьерлер мұндай тапсырыстарды қабылдаудан бас тартады», — деді бұғатталған курьерлердің бірі.
Wolt компаниясының маркетологы Лейла Қалиева курьерлерді тұрақты бұғаттау — сирек кездесетін тәжірибе, «тек төтенше жағдайларда ғана» қолданылады: «ол біздің қызмет көрсету туралы келісіміміздің немесе жергілікті заңнаманың елеулі немесе бірнеше рет бұзуына байланысты. Өткен аптада біз қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатер, сондай-ақ басқа серіктестердің жұмысына және жеткізілімінің орындалуына кедергі келтірмеу үшін бірнеше серіктестерімізді бұғаттауға мәжбүр болдық».
Компания курьерлерден штаттық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қандай қауіп төнгенін түсіндіруден бас тартты. Алайда олар аккаунтты бұғаттағаннан кейін, оған не себеп болғанын курьерлермен жеке-дара «уақытылы» талқылауға дайын екендігін нақтылады. Бұғатталған курьерлер Wolt қызметкерлеріне бірнеше хат пен хабарлама жібергенін, бірақ әлі күнге дейін ешқандай жауап ала алмағанын хабарлады.
Өткен аптаның ортасында Wolt курьерлері жалақы мөлшерлемесінің 30-50%-ға қысқаруына байланысты наразылыққа шыққан. Наразылық шарасының алғашқы күні компанияның бас директоры Әлібек Есов бұл фактіні жоққа шығарып, Ораза кезінде тапсырыс саны азайғанына байланысты, кіріс төмендегенін түсіндірді. Екінші күні ол Финляндиядағы бас кеңсеге бұрынғы жалақы мөлшерлемесін қайтару туралы сұрау салғанын хабарлады. Есов шешімді 17 мамыр, дүйсенбі күні жария етуге уәде берді. Алайда курьерлер әлі де жүйенің өзгертіле ма, жоқ па білмейді.