
Нұр Отан депутаттарының жасы алты жасқа жасарды. Бүгінгі таңда осы партияның депутаттарының орташа жасы 45 жасты құрайды. Депутаттық фракциялардың құрамы 65%-ға ғана жаңартылды.
Барлық мәслихат депутаттарының үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар, олардың қатары сәйкесінше 11%-ға және 16%-ға артты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық деңгейдегі маслихаттарда әйелдер мен жастардың үлес санын арттыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды.
423 депутат – партияға жаңадан кірген азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары, олар праймериз аясында әлеуметтік лифтіні пайдаланып, ішкі партиялық іріктеудің барлық кезеңдерінен өтті.
Депутаттық корпусқа білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіподақтар, өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер, фермерлер, көп балалы аналар, қандастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және тағы басқалар кірді. Мәслихаттарда әр түрлі санаттағы азаматтардың өкілдік етуі шешімдер қабылдаудың теңгерімділігін және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.