Қытай газеттері ресми Бейжің «тәуелсіз Тайвань» идеясына қолдау көрсеткен адамдардың тізімін дайындап жатқанын хабарлады. ҚХР Тайбэйдің Вашингтонмен байланысының күшеюіне байланысты осы қадамға бармақ.
«Тізімді АҚШ-тың келесі президентінің инаугурациясы болғаннан кейін жариялауы мүмкін», — деп келтіреді Бейжіңде орналасқан үкіметтік талдау орталығының Тайвань істері жөніндегі маманның басылымы.
Дереккөздің айтуынша, санаулы адамдарға санкция салынатын болады. «Санкция Тайвань бұғазы арқылы жасалатын әдеттегі іскерлік алмасулар мен жеке сапарларға кері әсерін тигізбеу үшін бір топ сепаратист көшбасшыларына ғана бағытталатын болады», — деп атап өтті сарапшы. Ол тізімге Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь, оның командасының мүшелері, сондай-ақ Вашингтонмен тығыз байланыстағы Тайвань демократиялық прогрессивті партиясының депутаттары кіруі ықтимал.
Қытай Тайвань академиясының бұрынғы ғылыми қызметкері Линь Цюаньчжунның пікірінше, Тайвань сепаратистерімен байланысы бар адамдарға Қытайдың материгіне кіруге тыйым салынуы мүмкін.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Қытай билігі «тәуелсіз Тайвань» идеясын қолдау көрсеткен адамдардың қара тізімін жасауды жоспарлап отыр деген хабарға түсініктеме бермеді.
«Менің бұл туралы айтарым, Қытай өзінің ұлттық бірлігі мен тұтастығын қорғауға дайын. Сепаратистердің ешқандай әрекеті сәтті аяқталмайды», — деп кезекті брифингте журналистердің тиісті жарияланымдарға түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап берді. «Егжей-тегжейлі мағлұматтарға келсек, мен сіздерге құзырлы органдарға жүгінуді ұсынар едім», — деп толықтырды ол.