Батыстық сарапшылардың пікірінше, Ресей Президенті елдің қуатты держава мәртебесін нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Бұл ретте, олар Ресей көшбасшысының әрекеттері өз билігін нығайту ниетімен ұштасқанын атап өтіп, оның жіберген қателіктері туралы айтты.
«Соңғы болған оқиғалар көрсеткендей, Путин өрескел қателіктер жіберіп, сол арқылы «өзіне зиян келтірді». Соңғы 11 айда ресейліктердің басты жауы және Ресейдің тұрақты дамуына қауіп төндіретін ел президенті екенін көрдік. Украинадағы кең ауқымды соғыс қимылдары Ресей үшін бірқатар жаңа қиындықтар тудырып, елдегі пробламарды шиеленістірді», — деп мәлімдейді олар.
Саясаттанушылар «Путин бірнеше айдың ішінде РФ-ны экономикалық және саяси оқшаулауға түсіргенін» мәлімдеді.
Олар Мадрид саммиті кезінде НАТО-ның Ресейге қатысты ресми көзқарасы өзгеруіне қатысты былай дейді: «Путин Ресейді стратегиялық серіктес ретінде көрген НАТО-ны жау қылды, Ресей альянспен саяси, экономикалық және әскери тұрғыдан бәсекеге түсе алмайтыны анық. Қазіргі таңда альянстың пікірінше, Ресей Федерациясы одақтастардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ еуроатлантикалық аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді».
Енді РФ-ның ең ірі еуропалық көршісі және НАТО-ға кіруге ұмтылып жатқан Украина Ресейді өзінің басты жауы деп есептейді. «Ресей украиналық Қырымды аннексиялағаннан кейін де Украинада РФ-ға қолдайтын азаматтар көп болды. Енді жағдай түбегейлі өзгерді, украиндықтар үшін Ресей жау ел және әлі ұзақ уақыт сондай болып қала береді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Ресей соғыс қимылдарының нәтижесінде Украинаның (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстары) төрт аймағын ел құрамын қосып алғаннан кейін Ресейдің шекарасы құнсызданды, дейді сарапшылар.
«Украина Қарулы күштері РФ басып алған жалғыз облыс орталығы — Херсонды өз бақылауына ала алды. Осылайша, Кремль Ресей Федерациясының субъектісі деген ұғымның толық құнсызданғанын көрсетті», — дейді олар қалыптасқан жағдайға түсініктеме бере отырып.
Батыс сарапшылары Мәскеу мен өңірлер арасындағы қарым-қатынас 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін едәуір нашарлағанын мәлімдейді.
«Ресейде арнайы әскери операция деп атайтын Украинадағы соғыс басталған бурят, дағыстандықтар, тувиндіктер және т.б. көп болған. Өз кезегінде Путин режимі Мәскеу мен Петербург, сондай-ақ Ресейдің басқа да үлкен қалалардың тұрғындарын соғыс алаңына жібермеді», — дейді батыстық сарапшылар.
Саясаттанушылар РФ азаматтарының елден жаппай кетуін де айтты. Елден кетіп жатқан ресейліктер өздерімен бірге ақшаларын және өз бизнестерін алып кетуде. РФ сарапшыларының пікірінше, ең продуктивті жастағы азаматтарынан, капитал мен салық базасынан айырылды.