Қазақстанда ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты базасында алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды.
Бұл зертхана екі негізгі бағытта жұмыс істейтін болады. Біріншіден, қызметкерлер бағдарламалық-аппараттық кешендерді пайдалана отырып, компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізеді. Бұл цифрлық зертхана алаяқтар құрбандарының санын азайтуға, кінәсіз адамды ұстау қаупін болдырмауға, құқық бұзушыларды анықтауға және тергеу кезінде дәлелдемелік базаны бекітуге мүмкіндік береді.
Екіншіден биометриялық белгілер бойынша жеке басты сәйкестендіруді (бейнелер аналитикасы) пайдалана отырып, фото/видео бойынша портреттік зерттеулер жүргізу. Бұл қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі.
Сонымен қатар криминалистикалық цифрлық зертхана алаяқтар құрбандарының санын азайтуға, кінәсіз адамды ұстау қаупін болдырмауға, құқық бұзушыларды анықтауға және тергеу кезінде дәлелдемелік базаны бекітуге мүмкіндік береді.
«Мұнда жаңа құрылғылар бар, қысқа мерзімде компьютерлік техникалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық жасақтама орнатылған. Бүгінгі таңда бұл ІІМ жүйесіндегі зерттеудің жаңа түрі. Жоба Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында іске қосылды. Жеке басты сәйкестендіру жүйесі бойынша жақсы нәтижелер бар. Қазірдің өзінде біз барлық жасырын ұрлықтарды кеңседе отырып-ақ ашамыз. Криминалист адамдарды қашықтан анықтай алады», — деді ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мұхит Сүлейменов.
Қазіргі уақытта бізде еліміздің жедел-криминалистикалық қызметтерінің барлық басшылары үшін тренинг өткізілуде.