Батыстық сарапшылар ресейліктер Путиннен құтылуы тиіс деп мәлімдеді

Ресей армиясы көршілес елдің аумағына басып кіргеніне 20 айдан астам уақыт өтті, еуропалық сарапшылардың пікірінше, ресейліктер өздерін және елін Владимир Путиннен құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдауы керек. Олар Ресейдің зымыран қорын толықтырғанын және күзгі-қысқы кезеңде Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына соққы беру мүмкін екенін айтып отыр.

Кейбір саясаткерлер, талдаушылар мен сарапшылар Ресей президентін қанды соғыстан бас тартып, оны тоқтатуға мәжбүрлейтін факторларды атады.

Олардың пікірінше, мұндай факторлардың бірі РФ-ға қатысты санкциялар, олар біріншіден, Ресейге салынған қолданыстағы санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік бермейді; екіншіден, санкциялық қысымды күшейтеді.

Анықтама! Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр, оның негізінде — гауһар тастарын сатуға тыйым салынады.

Батыстың саясаттанушылары санкция Ресейді Батыстың айтқанынымен жүруге мәжбүрлей алмайды деп есептейді. «Қазіргі таңда санкциялар Путинді тоқтатып отырған жоқ. Осылайша, Кремль келер жылы әскери шығындар көлемі 68%-ға арттырмақ, ол ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды.

Әскери шығындардың ұлғаюы теңгерімсіздік тудырады, нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау және т.б. саласына жұмсалатын шығындар едәуір қысқарады.

Батыстық сарапшылар ресейліктер «Путиннен құтылу» үшін шаралар қабылдауы тиіс деп санайды

Бұл бірінші кезекте қарапайым ресейліктерге кері әсер етеді», — деп жазады батыс сарапшылары ел ішінде қалыптасқан жағдайға түсініктеме бере отырып.

Тағы бір фактор, сарапшылардың пікірінше, Украина Қарулы Күштерінің соғыс алаңындағы жетістіктері, биыл маусым айында басталған ауқымды қарымта шабуылға шыққан.

«УҚК-ның шабуылынан Ресей армиясы адами күш және әскери техника тұрғысынан шығынға ұшырады, — деп жазады саясаттанушылар. — Дегенмен Путин бұл деректі де пысқырып тұрған жоқ. Ол Украинаның шабуылын тежеу үшін ресейліктерді соғыс алаңына жіберуді жалғастыруда. Осылайша Ресей жаңадан құрылған 25-ші армияның жекелеген бөлімшелерін күшейту соғыс алаңына жібере бастады. Айта кетейік, әуел баста РФ 25-ші әскерді желтоқсанда өрістетуді жоспарлаған. Әскери мамандар 25-ші жалпыәскери армия жеткілікті түрде даярлықтан өтпегенін айтып отыр, бұл айтарлықтай шығынға әкеп соғуы мүмкін».

Ресейге соғыс қимылдарын тоқтатуға әсер етуі мүмкін фактор — батыс елдерінің Украинаға толықтай экономикалық және әскери қолдауы.

«Көріп отырғанымыздай, біріншіден, Батыс Украинаны қолдайды, екіншіден, ол соңына дейін қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Мәселен, АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды берді», — деп жазады батыстың саясаттану саласындағы сарапшылары.

Украина аумағындағы ұрыс қимылдары Ресей экономикасына әсер етеді, дейді батыстың қаржы мамандары. Олардың пікірінше, «Путин елдің барлық ресурстарын қолданып, соғысты жүргізбек, осының нәтижесінде бейбіт халық зардап шегеді».

Еуропалық мамандардың пікірінше, ресейліктер биліктегілерді орнынан алып тастап қана, өздерін қалыптасқан жағдайдан құтқара алады.

Олар жаңа мемлекет басшысы өз шешімімен Ресей әскерін Украина аумағынан шығарып, қазіргі таңда Ресейдің бақылауындағы барлық аумақтарды қайтарады деп есептейді. «Ресейліктер 2024 жылдың наурыз айында жағдайды өзгерте алады. Өйткені келесі жылдың наурыз айында РФ-да кезекті президент сайлауы өтеді», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий