Цефтриаксоннан ешкім қайтыс болған жоқ: Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Цефтриаксоннан 18 адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда Цефтриаксон антибиотигін салдырғаннан кейін 18 адам қайтыс болды деген ақпарат тарады. Хабарламада дәріханалардан препаратты жаппай ала бастағаны айтылған.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Цефтриаксонның жағымсыз әсері салдарынан қайтыс болған науқас туралы карта-хабарламалар («сары» карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий