«Ресейліктерде Украинадағы соғысқа қатысты белгілі бір көзқарасты қалыптастыру үшін Кремль пропагандасы белсенді жұмыс жүргізді. «Дұрыс» шындықты күштеп таңу ресейліктерді нағыз когнитивті диссонансты бастан кешіруге мәжбүрлейді», — деп жазады батыстың саясаттану саласындағы мамандары.
Олардың пікірінше, бұл әрекеттер ресейліктерде когнитивті диссонанс тудырған. Анықтама! Когнитивтік диссонанс — өзара қайшылықты екі сенім жүйесін, құндылық жүйесін, немесе әртүрлі көзқарастарды қатар ұстану, солар бойынша әрекет ету нәтижесінде туындайтын психологиялық ыңғайсыздану сезімі.
«Көптеген адамдар үшін соғыс, адам өлтіру және т.б. бұл қорқынышты жәйт. Кез келген адам кісі өлтіруге, азаптауға және қиратуға қатысты болғысы келмейді. Өз кезегінде әрбір ресейлік мұны қаласа да, қаламаса да, бір жарым жылдан бері Украина аумағында соғыс қимылдарын жүргізіп келе жатқан Ресей әскерінің жмоцияналды түрде мүшесі болды. Адамның психикасы әр түрлі қорғау кедергілерден тұрады. Ресейліктер қанды соғыс кезінде өз әскерінің Украинадағы әрекеттерін түрлі желеумен ақтауда. Бәлкім, ресейліктер дұрыс қорытындыға келуі мүмкін еді, бірақ пропаганда Ресейді кінәсіз, пәк етіп, ал әлемді Мәскеуге қарсы жау қылып көрсетуде», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар. Олар пропаганданың ресейліктерді шындыққа қарау үшін көзін жауып жатыр деп есептейді.
«Ресейліктердің бір бөлігі РФ әскері бейбіт украиндықтардың тұрғын үйлеріне зымыран шабуылдарын жасап жатқанына сенгісі келмейді. Пропаганда қоғамда осы көзқарасты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Украина аумағында соғыс қимылдары басталғалы бері РФ пропагандасы Ресей әскері тек Украинаның әскери және инфрақұрылымдық нысандарына соққы беріп жатыр деп сендіруде. Сонымен қатар, пропаганда Украинаның өзі тұрғын алаптарды бомбалап жатыр деп отыр. Мұндай тезиске сену әлдеқайда оңай. Мариуполь, Бахмут және басқа да көптеген украиналық қалалар ресейліктерді жаңылыстырып жатқанына айқын мысалы болып табылады», — деп жазады украиналық саяси технологтар.
РФ бірден басымдық қойды. Кім жақсы, кім жаман. РФ әскері Украинада нацистерге, неонацистерге, НАТО-ға және т.б. қарсы соғысуда. Өз кезегінде соғыстың мақсаты денацификациялау, демилитаризациялау, тіпті десатанизациялау болды. Қарапайым тілмен айтқанда, Ресей армиясы осы әлемдегі барлық зұлымдыққа қарсы соғысып жатыр.