Батыс экономистері РФ-да дағдарыс денден келе жатыр деп есептейді.


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37060-1661195922-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдары РФ-ны өте ауыр жағдайға алып келді. АҚШ бастап тұрған Украинаның батыс елдеріндегі серіктестері Мәскеудің агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған санкциялар топтамаысн дайындап, енгізді. Ресей билігі Батыс тарапынан салынған санкцияларды еңсеруге дайын болмады», — деп хабарлады саясаттанушылар.

Ресейде санкциялар елді бұрынғыдан да әлдеқайда нығайтады деп айтылып жатыр. Ресей президенті Владимир Путин елге қарсы салынған санкцияларды «ақылға қонымсыз және ақымақтық» деп атап, Ресей экономикасы оны еңсергенін айтты.

«Ресейліктер Ресей экономикасы санкцияларды еңсеріп, оның ел азаматтарының күнкөріс деңгейіне теріс әсер етпейтіне, тіпті олардың көмегімен ел нығайа түсетініне сене ме? Ресейліктер ел экономикасының Ресейге қарсы салынған санкциялардың салдарын сезінбейді дегенге сенбейді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Батыс сарапшылары Ресейге санкциялардың оң әсері болмайтынын мәлімдеді.

«Мәселен, маусым айында ресейліктер шетелдік банктерге 4,7 миллиард доллар аударды, бұл 2018 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Банктердің ақша аударымдарына және елдегі шоттарда валютаны сақтағаны үшін комиссияға Орталық банктің шектеулері әлсірегеннен кейін қаражатты қолма-қол ақшаға шығару жеделдеді. Бұл ресейліктердің елде болатын дағдарыстың ауқымын жақсы түсінетінін көрсетіп отыр.

Қазір Ресейде автозауыттардың басым бөлігінің жұмысы санкциялар мен құрамдас бөліктердің тапшылығына байланысты тұрып қалды

Санкциялардың әсері бірден білінбейді, ел экономикасы проблемаларды сезіну үшін белгілі бір уақыт өтуі керек. Бірақ қазірдің өзінде РФ күрделі кезеңдерді бастан өткереді деп айтса болады. Халықаралық санкциялар сауда тізбегінің бұзылуына әкеп соқты, сондай-ақ автомобиль жасау сияқты салаларды тұрып қалды, ал тұтыну шығындары тоқтады. Ресейдің Украинаға баса-көктеп кіргеннен кейін РФ экономикасы төрт жылға кейінге шегерілді», — деп хабарлайды батыстық саясаттанушылар.

Санкциялар ресейлік автомобиль жасау саласына кері әсер етті. Атап айтқанда, экономистер ағымдағы жылдың сәуір айында жеңіл автомобильдер өндірісі 85,4%-ға құлдырағанын хабарлады.

«Қазіргі таңда Ресейдегі автозауыттардың басым бөлігінің жұмысы санкциялар мен құрамдас бөліктердің тапшылығына байланысты тұрып қалды. 300 мың адам жұмыспен қамтылған Ресейдегі ең жоғары технологиялық салаларының бірі іс жүзінде тоқтап қалды. Сарапшылар нарықтың жыл қорытындысы бойынша 66-74%-ға төмендейді деп болжап отыр», — делінген экономика саласындағы мамандардың хабарламасында.

Қазір Ресейде автозауыттардың басым бөлігінің жұмысы санкциялар мен құрамдас бөліктердің тапшылығына байланысты тұрып қалды

Сонымен қатар, басқа да салалар зардап шеккені айтылуда. «Мәселен, авиация саласында әуе тасымалдауы күрт төмендеді, авиафлоттың басым бөлігі тоқтап қалды, әуе компаниялары қызметкерлерін қысқартты. Сондай-ақ ресейлік әуе компаниялары санкцияларға байланысты батыс елдерінде өз борттарын жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылды. Голливуд түсірген фильмдердің болмауына байланысты кинотеатрларға барушылардың көрсеткіші 57%-ға төмендеді. Кинозалдардың саны үштен бірге азайды, ал қалғандары күнделікті жұмыс істемейді, тек бірнеше сағаттқа ашық болады. Қызметкерлерді жарты айлыққа ауыстыруда немесе ақы төленбейтін демалысқа жіберіп жатыр. РФ-да ресейліктердің нақты табысы 7,2%-ға төмендеді. Ресейліктердің нақты табыстының төмендеуі соңғы жеті жылда ең жоғары көрсеткішке жетті. Ресейліктер Қырым аннексияланып, Ресейге қарсы салынған экономикалық санкциялардан кейін 2015 жылы ғана қатты кедейленді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Батыстық сарапшылар «Ресейдің Украинаға баса-көктеп кіруі қазіргі заманғы экономикадағы ауыр дағдарыстардың бірін тудырды» деп есептейді.

Добавить комментарий