Мәскеу Украина аумағына баса-көктеп кіргеннен бастап ел ішінде және одан тысқары жерлерде пропаганданы күшейтті. Негізгі үндеу — Ресей Украинадағы нацистік режимге қарсы күресіп жатыр. Содан кейін ЕО-да ресейлік жетекші телеарналарды Ресейге қарсы санкциялар аясында көрсетуге тыйым салынды.
Аталған каналдардың материалдарында Украина аумағындағы ұлтшылдық қозғалыстар туралы айтылған. Бұл ақпараттық саясат Ресейдің жас буындарына да бағытталған. Жаңа оқу жылында РФ мектептерінде апталық жаңа пән — «Маңызды әңгіме» атты тақырыптық сынып сағаты енгізіледі. Украиналық саясаттанушылардың пікірінше, осы сабақта оқушыларға Ресей Украинаға неліткен бас-көктеп кіргенін түсіндіретін болады.
Сондай-ақ, Кремль 24 ақпаннан кейін Киевтің бақылауына кірмейтін Украина аумақтарына да пропаганданы едәуір күшейтті. Мәселен, Херсон қаласының тұрғындары жергілікті халықты орыстандыру науқанын бірінші болып сезінді.
Қалада төлем құралы ретінде ресейлік рубль енгізілді. Херсон облысы мен облыс орталығында тұратын тұрғындар украиндық телеарналарды көре алмай отыр.
Көктемнің басында қалада Херсонда украиналық бағдарламардың орнына, ресейлік телеарналар көрсетіле бастады.
Орталық Азия елдерінде ресейлік телеарналар көрсетілуде, бұл украиналық саясаттанушылардың наразылығын тудыруда. Олардың пікірінше, «аймақтағы елдер жаппай ақпараттық шабуылға ұшырап жатыр. Мәскеу үшін осы аймақтағы елдердің тұрғындарының қолдауына ие болу өте маңызды. Қалыптасқан геосаяси жағдайда бұл елдердің тұрғындары РФ-ны жақтап отыр».
Айта кету керек, РФ-да билік басындағыларын көптеген мемлекеттерде ресейлік телеарналар мен телехабарларды таратуды шектеп жатқаны алаңдатып жатқаны анық. Мысалы, Молдова президенті Майя Санду Молдовада ресейлік жаңалықтарды, ақпараттық-талдау бағдарламалары мен әскери мазмұндағы фильмдерді таратуға тыйым салу үшін жалған ақпарат пен пропагандамен күрес туралы заңға қол қойды.
Молдова тарапынан мұндай қадамына Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірден пікір білдірді. Ол Молдова билігі Украинана сияқты «орыс әлемін» жоюға тырысып жатқанын мәлімдеді.
«Ресей Еуропаны орыс тілді азаматарды украиндық нацистер мен ұлтшылдардан құтқарып жатқанына сендіруге тырысуда. Ал ресейліктерге РФ НАТО-дан қорғануға мәжбүр екенін жеткізуде. Осылайша, ресейліктерді соғыс алаңына аттануға ынталандыруда, ал олардың сол жақта жер жастанып немесе ауыр жарақат алу ықтималдығы жоғары. Қазіргі таңда Ресейде ел азаматтарының басым бөлігі «арнайы операцияны» қолдап отыр. Бірақ қанды соғыстың ауқымын түсінген соң ресейліктер не дер екен?», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.