Юлия Путинцева Канадада әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық Юлия Путинцева Канадада өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

«Әлемнің 46-шы ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Канаданың Торонтода өткен «Мастерс» турнирінің екінші айналымында Паула Бадосаны жеңді. Испаниялық теннисші 7:5, 1:0 есебімен жеңіліп, екінші сетте кездесуді жалғастырудан бас тартты. Торонто өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында Путинцева америкалық Элисон Рискемен ойнайды», — делінген бейсенбідегі хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина турнирден шығып қалды. Уимблдонның қазіргі чемпионы әлемнің 11-ші ракеткасы — америкалық Кори Гоффтан — 6:4, 6:7 (8:10), 7:6 (7:3) есебімен жеңілді.

Добавить комментарий