Батыстық саясаттанушылар Ресейдің болашағы жоқ, деп мәлімдеді

Ресей әскерінің Украинаға баса-көктеп кіргеніне 5 айдың жүзі өтті. Батыс саясаттанушылары бұл соғыс Ресейдің құрдымға жібереді деп есептейді.

«Біріншіден, соғыс басталғалы бері Ресей Федерациясынан еңбекке қабілетті жастардың көбісі кетті. Біреулер үшін бұл уақытша шешім. Басқалары болса ешқашан елге оралмайтынын түсінеді. Ресейдің әрбір оныншы азаматы шетелге тұрақты тұруға көшуді қалайды. Бұған «Левада-орталық» зерттеу ұйымы жүргізген сауалнаманың нәтижесі дәлел. РФ-дан АТ мамандары жаппай кетіп жатыр. Айта кетерлігі, қазіргі әлемде АТ мамандары мемлекеттің тұрақты экономикалық өсімі үшін өте маңызды. Ресейде соғысқа дейін де аталған саланың мамандары тапшы болған», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Олар айтарлықтай қаржылай шығынға ұшырауда.

«Екіншіден, соғыс қимылдарын жүргізуге үлкен қаржылай шығындар кетеді. Мәселен, 2 тамызда Ресей Украина аумағына 8 зымыран жіберді. «Forbes Ukraine» есептегендей, бұған $100 млн жұмсаған. Бұл тек бір күн ішіндегі шығын, РФ Украина аумағына күн сайын зымыран шабуылдарын жасайды, кейде оншақты зымыран атылады. Сонымен қатар, соғыс кезінде ақшалай қаражат жұмсалатын пункттердің үлкен тізбесі бар. Осылайша, Путин ел азаматтарының өмірін, қалалардың инфрақұрылымын жақсарту, зауыттар мен кәсіпорындарды жаңғыртудың орнына, соғыс көп қаражат бөлуде», — деп мәлімдейді саясаттану саласындағы мамандар.

Әлем елдері Ресеймен ынтымақтастық орнатуды қаламауда, ал шетелдік компаниялар бизнесін тоқтатып, Ресей нарығынан шығуды жалғастыруда

Мамандардың үшінші пунктті де келтірді. Ол Еуропаның Ресейге қарсы салған санкциялары.

«Үшіншіден, Ресейге қарсы салынған санкциялар РФ экономикасын құрдымға жіберуде. Елде кәсіпорындар жабылып, ресейліктердің табысы төмендеп барады. «Ресейдің ішкі өндірісі толықтай тоқтады.

Сонымен қатар, шетелдік саясаттанушылар Ресей батыстық серіктестері ынтымақтасқысы келмейтін, оқшауланған елге айналғанын мәлімдеді.

Әлем елдері Ресеймен ынтымақтастық орнатуды қаламауда, ал шетелдік компаниялар бизнесін тоқтатып, Ресей нарығынан шығуды жалғастыруда

«Төртіншіден, РФ агрессивті әрекеті елді өркениетті әлемнен алшақтатты. Ресеймен ешқандай мемлекет ынтымақтасқысы келмейді, ал шетелдік компаниялар елдегі бизнесін тоқтатып, Ресей нарығынан кетуді жалғастыруда. Путин Ресейді Солтүстік Корея, Сирия және Иран сынды мемлекеттермен бір қатарға қойды. Осылайша, Мәскеу жау деген атқа лайық болып, террорист мемлекет деп танылуға аз қалды. Ал бұл РФ үшін бұдан да үлкен проблемаға алып келеді», — деп жазады олар.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Путин режимі тоқтамайтын түрі жоқ және өз саясатын жалғастырмақ: батыс мемлекеттеріне шектеулерді жеңілдету үшін газ және азық-түлік тауарларымен қоқан-лоқы көрсетуде.

Добавить комментарий