Украина аумағында соғыс қимылдары басталғалы бері бір жылдай уақыт өтті. «Осы уақыт аралығын Ресей үкіметі өз пайдасына пайдаланып, ресейлік азаматтардың, соның ішінде оқушылар мен студенттердің «миын улап» жатыр. Орта және жоғары мектептің, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына жаңа пәндер немесе оқытудың жаңа тұжырымдамалары енгізілді, олар Украинадағы соғысты ресейлік көзқараспен оқытуға бағытталған», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Ресей ғылым және жоғары білім министрлігі Ресей тарихын Украинаға Ресей әскерін жібергенге дейінгі уақытты қамтитын тарих курсын жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесін бекітті. Сарапшылардың пікірінше, аталмыш курс бағдарламасы Украинадағы оқиғаларды Ресей билігінің талабына сай келетінлей оқытады.
«РФ-ның қазіргі билігі Ресей әскерінің Украинаға баса көктеп кіруін жақтайтыны сөзсіз», — деп жазады олар. Былтыр желтоқсан айында ресейлік жоғары оқу орындарында «Әскери дайындық негіздері» атты жаңа бағдарлама бекітілді.
«Сондай-ақ, келесі оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушылары Украинаға қарсы соғыс туралы жазылған оқулық бойынша өз елінің тарихын оқитыны белгілі болды», — деп жазады батыстық саясаттанушылар ресейлік мектеп бағдарламасындағы өзгерістерге түсініктеме бере отырып.
РФ Оқу-ағарту министрі Сергей Кравцов жаңа оқулықта ресейлік әскерилердің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып беретінін хабарлады. «Жас буынға көршілес мемлекеттің аумағына Ресей әскерлерін баса көктеп кірудің қажеттілігін көрсету үшін тарих оқулығына осы толықтырулар енгізілген болар», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Ресейде жоғары сынып оқушылары үшін жоғары оқу орындарының студенттерінің әскери даярлық бағдарламасына ұқсас жаңа мектеп бағдарламасы бекітілді. Осылайша, жоғары сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап атыс қаруларымен және қол гранаталарын қолдануды үйрене бастайды. «Айта кету керек, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап мектептерде «Маңызды әңгіме» атты пән оқытылады. Сабақта оқушыларға Ресейдің дәстүрлі құндылықтары туралы айтып, неліктен Ресей Украинаға баса көктеп кіргенін түсіндіреді. Аталған пәндер балаларға Украинадағы Ресей армиясының аяусыз қимылдарын ақтап көрсетуге бағытталған», — деп жазады әскери сарапшылар.
«Айта кету керек, ресейлік жас буындарға мектеп қабырғасында ғана емес, мәдениет арқылы да ықпал етуге тырысуда. Кремль ресейлік кинотеатрларда пропагандисттік фильмдерді көрсетуді ұлғайтқысы келетіні белгілі. Ресей президенті РФ Мәдениет министрлігіне «әскери арнайы операция» деп аталатын деректі фильмдер көрсетуді ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ Ресей президенті «патриоттық деректі кино» фестивалін ұйымдастырмақ», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, «Путин режимі пропаганданы едәуір күшейтті, оның әсеріне оқушылар мен студенттер ұышрауда».