Батыс сарапшылары ресейлік БАҚ-ты жалған ақпарат таратуда деп айыптады

Украина аумағында кең ауқымды соғыс қимылдары басталғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Сарапшылардың айтуынша, ұрыс қимылдары «Ресей экономикасын құрдымға жіберіп, елді халықаралық аренада оқшаулауда, ресейлік сарбаздардың қырылуына, ресейліктердің отанынан жаппай шығуына себеп болып отыр, бұл да экономикаға кері әсерін тигізеді».

Батыстық саясаттанушылардың айтуынша, ресейлік БАҚ бір жыл бойы қоғамға жалған ақпарат таратып келді.

Мысал ретінде Кремльдің өз әскерлерінің Украинаға басып кіруінің бірінші жылдығы қарсаңында ешқандай пікір білдірмегені келтірілген.

Сарапшылардың пайымдауынша, Кремльдің үнсіз қалуы «Ресей әскерлері алға қойған мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізе алмағанына, сондай-ақ 2022 жылдың шілде айынан бері ешқандай жерді жаулап ала алмағанына» байланысты.

 

Фото: Батыстың саясаттанушылары ресейлік БАҚ жалған ақпарат таратып жатыр деп мәлімдеді

Еуропалық саясаттанушылар Ресей әскерінің шығыны туралы: «Украина тарапының мәліметі бойынша, РФ әскерінің шамамен 160 000 әскері жер жастанған, ал жарақат алғандар саны бес есе көп».

Сарапшылардың бағалауынша, «соғыс басталғалы РФ соғысқа қатысқан әскерилердің 93%-ын, барлық танктердің 90%-ын, зымырандардың 80%-ын және артиллерияның 70%-ынан айырылды».

Британ барлау қызметінің шығындар туралы деректерінің негізінде «бұрын-соңды болмаған шығындар элиталық бөлімшелерде кәсіби сарбаздардың айтарлықтай азаюына әкеп соқтырды, өйткені оларды мобилизацияланған сарбаздармен толықтыруға тура келді» деген қорытындыға келді.

Украиналық БАҚ хабарлағандай, Ресей армиясы орасан зор шығынға ұшырап жатыр. Донецк түбінде Украинаның Қарулы Күштері даярлықтан өтпеген мобилизацияланған ресейліктердің тұтас полкін жойып жіберді деп хабарланды.

Батыс барлау қызметінің бағалауынша, «РФ баса көктеп кіру кезінде болған проблемаларды шеше алмады және әлі де шешімі табылмаған проблемалар бар».

Фото: Батыстың саясаттанушылары ресейлік БАҚ жалған ақпарат таратып жатыр деп мәлімдеді

«Ресейліктерде логистика, соның ішінде азық-түлік жеткізу, сондай-ақ бөлімшелердің үйлесімділігінің болмауына байланысты проблемалар бар. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселені атап өткен жөн. Ол Ресейде қару-жарақ өндірісі Украинада соғыс қимылдарын жүргізуге арналған ресурстар бойынша РФ Қорғаныс министрлігінің талаптарына сай келмейді», — деп мәлімдейді барлау қызметінің сарапшылары.

Сондай-ақ, британдық барлау мәліметтері бойынша, РФ ауыр броньды техниканың шығындарының орнына «заманауи ұрыс алаңында қолдануға жарамайтын, көптеген осал тұстары бар ескірген техниканы Украинаға көшіріп жатыр».

Сондай-ақ, Британия барлау қызметі соғыс алаңында ресейлік нашар жабдықталған жаяу әскердің қоян-қолтық ұрыс оқиғалары жиілеп кеткенін мәлімдеді. Олардың бағалауынша, РФ жаяу әскері тек атыс қаруымен және саперлік күректермен ғана қаруланған. Ресейлік командирлер сарбаздарды дәл осындай жабдықтармен шабуылдауға шақыруда.

«Жоғарыда аталған проблемалар РФ әскері үшін жағдайды нашарлатады. Бұл ретте шығындардың орнын толтыру қажет, сондықтан таяу арада ресейліктерді мобилизацияның жаңа легі күтіп тұр. Украиналық барлау мәліметтері бойынша Ресейде студенттерді жаппай мобилизауиялауға дайындалуда», — деп мәлімдейді батыстық БАҚ.

Добавить комментарий