Батыстық саясаттанушылар Ресейдің соғысқа деген көзқарасына қатысты пікір білдірді

РФ-да билік басындағылар Украинадағы соғысты Ресей бастамағанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Владимир Путин Украинадағы арнайы операцияны өз елін НАТО тарапынан ықтимал шабуылдан қорғау үшін бастаған.

Ресейлік БАҚ әскери қақтығысты қоздырған ұжымдық Батыс екенін жарыса жазған.

Украиналық сарапшылар мұнымен келіспейді.

«Украина тәуелсіздік алғалы бергелі ешқандай соғыс қимылдарына қатыспаған, Ал Ресей КСРО ыдырағаннан бері бірнеше соғысқа және қарулы қақтығыстарға қатысты: Бірінші Шешен соғысы, екінші Шешен соғысы, Оңтүстік Осетиядағы қарулы қақтығыс, Сириядағы әскери операция, Орталық Африка Республикасындағы Азамат соғысы. Жоғарыда аталған соғыстар көптеген ресейлік сарбаздар қаза тапты және әлі де қырылып жатыр», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің адам шығындарына қатысты пікір білдіре отырып, Ресей армиясы осындай қарқынмен қырылған сарбаздарының 40 мыңға жетуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыc бастап, басқа мемлекеттерге қатер төндіріп отыр. Майдандағы орасан зор шығындар, күйреп бара жатқан экономика немесе РФ-ның қазірдің өзінде әлем елдерінен шеттетілген елге айналғаны путиндік режимді алаңдатпауда. Көршісіне қарсы қанды соғысты бастап Путин мемлекеттің болашағына балта шапты», — дейді украиналық саясаттанушылар.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы Ресей басшылығын қызықтырып отырған жоқ, олар РФ қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген елмен соғысуға дайын екенін тіке немесе жанама түрде білдіріп отыр.

Бұған дейін Литва ЕО-ның Ресейге санкциясына байланысты болат пен қара металдардың Калининград облысына транзитіне шектеу қойды.

Өз кезегінде Мәскеу транзиттік шектеулер халықаралық келісімдерді бұзады деп мәлімдеп, қарымта шаралар қабылданады деп қорқытты.

Мәскеу Финляндияның НАТО-ға кіруі РФ-ның қауіпсіздігіне қатер төндіретінін және ресейлік тарап шара қолдануға дайын екенін мәлімдеді.

Сарапшылар Кремльдің Украина аумағындағы қақтығыстың басталуына Батыс кінәлі деген пікірді жоққа шығарды

Фин басшылығы елдің қауіпсіздігін нығайту үшін Ресеймен арадағы шекарада қоршау салу нұсқасын қарастыруда. Сондай-ақ, фин армиясының қолбасшысы Тимо Кивинен Финляндия ондаған жылдар бойы Украина сияқты қорғаныс соғысын жүргізуге дайындалғаынын және Ресей шабуылдаған жағдайда оңай олжа болмайтынын мәлімдеді.

Түрлі дереккөздердің хабарлауынша, тіпті Эстония да Мәскеудің нысанасына айналуы мүмкін. НАТО-дағы дереккөздердің айтуынша, соңғы күндері Ресей Балтық елдеріне зымыран шабуылдарын имитациялаған. Эстония Қорғаныс министрлігінің канцлері Кусти Салм ресейліктердің Эстония аумағына зымыран шабуылдарын имитациялағаны туралы ақпаратты растады.

РФ СІМ Ресей Польшада НАТО әскерлері көбейген жағдайда өз қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерді «бейтараптандыруға» тиіс екенін мәлімдеді.

«Ресейдің айналасындағы барлық елмен соғысуға деген құлшынысы айтарлықтай салдарларға әкеп соғады. Осылайша РФ дүниежүзілік қоғамдастықтан алшақтай түседі және ешкім онымен ынтымақтастық орнатпайтын болады, сондай-ақ Украинадағы қақтығыстың жалғасуына және басқа мемлекеттермен қақтығысуына байланысты жаңа санкциялар салынуы мүмкін. Ресейлік әскерилерді соғыс қимылдары қызу жүріп жатқан жерлерге жөнелтіп, адам шығынын арттырады, ал Ресей экономикасы құрдымға кетеді, бұл ресейліктердің күнкөріс деңгейін төмендетуге ықпал етеді», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий