Батыс сарапшылары Ресей армиясы қауқарсыз екенін мәлімдеді

Ресейлік БАҚ 3 мамырда екі ұшқышсыз ұшақтар Кремльге шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ресейлік ресми спикерлер бұл шабуылды Ресей президенті Владимир Путинге жасалған теракт пен қастандық деп бағалау керек деп мәлімдеді.

Айта кету керек, Украина тарапы бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды. Украинаның президенті Киевтың қатысы жоқ екенін жеке өзі мәлімдеді. Өз кезегінде батыстық сарапшылар ұшқыш ұшақтар шабуылын Ресейдің өзі істеген деп отыр. Сарапшылардың топшылауынша, шабуылдың мақсаты ресейліктерге соғыс жүріп жатқанын жеткізу және жаппай мобилизацияға жағдай жасау болып табылады.

«РФ әскері не істей алады? Бір-екі күннің ішінде Бахмутты басып алуға қауқары жетпейді. Олар тек ондаған метрге ғана алға жылжуға күші жетеді, оның үстіне орасаз зор үлкен шығынмен. Мәселен, АҚШ соңғы 5 айдың ішінде 20 мыңнан астам ресейлік әскерилер қаза тапты, ал тағы 80 мыңы жарақат алды деп мәлімдеді. Бұл ретте басқыншылар Бахмут бағытында өте көп шығынға ұшырады», — деп жазады украиналық саяси технологтар.

Фото: Батыстық сарапшылары Ресейді соғыс алаңында қауқарсыз деп есептейді

Олардың пікірінше, Мәскеу зымыран соққысынан басқа ауқымды шабуылға бара алмайды. «Мәскеу соғыстың барысын бір сәтте өзгерте алмайды. Ресей әскерлері қуатты қарымта соққы жасауға шамасы жетсе, онда әлдеқашан жасайтын еді, өйткені бұған алғышарт көп. Украина Қарулы Күштері Ресей аумағына шабуыл жасап, жемісті қарымта шабуылға шыққанын және Қырымға шабуыл жасағаныны белгілі. Сонымен қатар, Киевке Батыс одақтастары соғыс басталғалы қару-жарақ жеткізіп жатыр, сол арқылы Кремль орнатқан «қызыл сызықтарды» кесіп өткен. Жоғарыда аталған барлық әрекеттер үшін кремльдік пропагандисттер мен саясаткерлер Киевке қарымта жауап беріп, РФ «нағыз соғысты бастаймыз» деп уәде берген.Бірақ нәтижесінде Кремль мобилизация жариялады және Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасап, жоғары дәлдіктегі зымырандар қорын тауысты, бұл ретте өз сарбаздарын «өлім ауызына» жіберуде. — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий