Төртінші тоқсанда мектептер қалай жұмыс істейді

Білім және ғылым вице-министрі коронавирусқа байланысты карантин енгізілгеннен бері еліміздегі қолданыстағы жалпы ережелер туралы айтты.

ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова әуелі үшінші тоқсанда оқыту кезіндегі статистикалық деректерді келтірді. Ол дәстүрлі форматта 2,3 млн оқушы немесе 66,3%, қашықтықтан — 1,1 млн немесе 33,7% оқушы оқығанын хабарлады.

2021 жылғы 25 наурызда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімі және бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданды.

Төртінші тоқсанда аймақ қауіптілігі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы аралас оқыту форматына көшеді: сабақтардың бір бөлігі — дәстүрлі түрде, бір бөлігі — қашықтықтан оқытылады, 300-ге дейінгі оқушылар саны бар мектептер жұмыстарын дәстүрлі форматта жалғастырады., — деді ол.

Вице-министр атап өткендей, 1 сынып — 1 кабинет принципі бойынша оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Сабақтардың ұзақтығы — 40 минут.

Ерекше жағдайларда — Бала ауырған немесе науқастармен байланыста болған жағдайларда, ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мектептерде індетке қарсы барлық іс-шаралар қарастырылады, — деп түсіндірді ведомство өкілі.

Асханалардың жұмысы жергілікті атқарушы органдарға шешімі бойынша және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімімен ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектептерде міндетті мектеп формасын киіп жүру талап етілмейді, өздеріне қолайлы және таза киіммен сабаққа қатысуға рұқсат етіледі.

Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді. Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынды. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді.

Қызыл аймақта орналасқан өңірлерде аралас оқыту форматы 1-5, халықаралық мектептердің 1-7 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар үшін (70/30) сақталады, балалар саны 25-тен асатын , 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтықтан оқыту форматында білім алады, — деп түйіндеді сөзін Каринова.

Добавить комментарий