Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистік аймақтың, ДХР мен ЛХР-ның егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Аталған шешімнің қабылдануына байланысты көптеген елдердің сынына ұшырады. Халықаралық ұйымдар Ресей президентінің шешімін айыптады, себебі бұл шешім Ресей Федерациясы әскерлерінің заңға қайшы соғыс қимылдарына, басқыншылыққа және Украинаға басып кіруіне мүмкіндік береді деп есептеді. Айтып ауыз жимай арада бар болғаны үш күн өткеннен кейін олардың айтқаны келді. Әлем елдері Ресейге бұрын-соңды болмаған санкцияларды салды. Батыс елдерінің астаналары Мәскеуді әлемдік қаржы жүйесінен ажыратыты, бұл ресейлік ұлттық валюта — рубльдің құлдырауына алып келді және ел дефолтқа ұшырады.
Батыс сарапшылары Мәскеудің мұндай шешімі Ресеймен тығыз қатынаста болған мемлекеттерді жағдайын қиындатты дейді. Мәселен, Қазақстан үшін Украина төңірегіндегі жағдай ел үшін жаңа қатерге алып келді, себебі Орталық Азия мемлекеті РФ-мен сауда-экономикалық, саяси, мәдени-әлеуметтік бағыттарда тығыз қарым-қатынас орнатқан. Батыс сарапшыларының пікірінше, Кремль қабылдаған шешімнен ел экономикасы қатты зардап шегуі мүмкін. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтер және т.б. қымбаттауын қаламайтын қазақстандықтардың алаңдаушылығы орынды.
Осы оқиғаларға байланысты Қазақстанда белгілі бір топтың өкілдері республиканың ЕАЭО-дан шығу мәселесін қайта көтерді. Кейбір қазақстандық сарапшылар республиканың аталмыш сауда одағына қосылуын қате деп атады. Қазір қазақстандық сарапшылар ЕАЭО құрылғалы бері республика осы одаққа қатысушы ел бола отырып, ешқандай пайда көрмеді деп отыр.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік және Ресеймен өте тығыз экономикалық қатынастар Қазақстан үшін жағымсыз болып бара жатқаны түсінікті», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
24 ақпаннан бастап наурыздың ортасына дейін Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 20%-ға құнсызданды. 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан теңге бағамын ұстап тұру үшін 815 млн доллар жұмсады.
«Қазіргі таңда сауда блогында Орталық Азия республикасы импорттық кедендік төлемдерді қымбат бағада төлеп отыр. Бұл РФ-ға санкциялар салынғандықтан және ол едәуір ағынды қамтамасыз ете алмайтындықтан орын алып отыр», — деп жазады батыс экономистері.
Жоғарыда аталған шешімдер мен олардың салдары Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді. Бұл жағдайда Қазақстан үкіметі республиканы қауіпсіздендіру үшін әртүрлі шаралар қабылдауы керек.