«Солтүстік ағын- 2» жобасы: жұмыс қалай жүріп жатыр

2018 жылғы 9 мамырда Ресей «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысын бастаған болатын. Газ құбырын төсеу жұмыстарын 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бастапқыда бұл жобаға қарсы шыққандар көп болды. Бірінші кезекте олар Украина, АҚШ және Балтық елдері, олар Ресей Федерациясының еуропалық энергетикалық нарықта ықпалы күшеюінен немесе өз аумағы арқылы өтетін газ транзитін жоғалтып алуынан қорқады.

Не дегенмен, бұл жобаның басында Ресейдің одақтастары мен серіктестері болғанымен, РФ-ның ішкі және сыртқы саясатына байланысты газ құбыры құрылысының қарқыны әр түрлі себептермен баяу жүрді. Мәселен, 2019 жылдың соңында АҚШ еуропалық мердігерлерге қатысты енгізген санкцияларына байланысты құрылыс уақытша тоқтап қалған. 2020 жылдың басында құрылыс қайта басталып, РФ президенті Владимир Путин жыл соңына қарай немесе 2021 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс аяқталуы тиіс деп мәлімдеді. Бірақ газ құбырын төсеу жұмыстарының аяқталуына әлі де көп уақыт бар.

Бұл АҚШ-тың «Солтүстік ағын-2» құбыр төсеуішіне қарсы жаңа санкциялар қолдануымен байланысты. «Фортуна» кемесі мен «КВТ-Рус» компаниясы АҚШ Қаржы министрлігінің санкциясына ұшырады. АҚШ үкіметі ресми түрде PEESA «Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қорғау туралы» заңы аясында санкциялар енгізді, бірақ АҚШ-тың мұндай қадамға баруына тағы басқа да себептер болған. Мысалы, Алексей Навальныйға қатысты оқиға, және кейіннен оның тұтқындалуы немесе Мәскеу тарапынан әскери күшті жұмылдырып бүкіл елде болған жаппай наразылық шараларын басып-жаншыған Беларусь президенті Александр Лукашенконы қолдауы.

Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Мемлекеттік департаменті газ құбырын аяқтау процесіне қандай компаниялардың тартылғанын жіті бақылап, және сол фирмалар туралы барлық ақпаратты қадағалап отырғанын мәлімдеді. Ресей газ құбырын төсеу жобасын іске асыруға атсалысып немесе қосылуды жоспарлап отырған компанияларға қарсы санкция енгізу арқылы жазаланатын болады. Осылайша, жобадан 15 ұйым шығып кетті немесе кетуді ойлап отыр.

АҚШ санкцияларынан сескенген компаниялар Ресейдің жобасынан бірінен соң бірі шығып кетіп жатыр, осылайша РФ газ құбырын төсеу үшін заманауи жоғары технологиялық флоттан айырылып қалды. Ресей газ құбыры жұмыстарын өз кемелерін жұмылдырып аяқтауға мәжбүр.

Ресейдің «Академик Черский» крандық-монтаждық құбыр төсеу кемесі газ құбырын аяқтауға тартылды, бірақ ол ұзаққа созылған жаңғыртуды қажет еткендіктен, наурыздың соңына дейін жұмысын бастай алмады. Осыған байланысты газ құбыры бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2021 жылдың соңына қалып отыр. Батыс сарапшылары жобаны жүзеге асырудың кешіктірілген мерзімі РФ үшін теріс салдарға алып келуі мүмкін деп есептейді, және Германия бұл құрылысқа деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.

Қыркүйек айының соңында Германияда бундестаг сайлауы өтеді. Бұл жаңа үкімет құрылатынын білдіреді. ГФР халқы арасында жүргізілген соңғы сауалнамаға сәйкес «Союз-90″/»жасылдар» партиясы жақсы рейтингке ие. 100% сеніммен ол билеуші коалицияға кіреді деп айтуға болады. Бұл партия қазба энергия көздерінен тез арада бас тартуды, адам құқықтары мен либералдық демократия құндылықтарын қорғауды, ЕО-ның одан әрі нығаюын жақтайды, ал оның бірқатар мүшелері «Солтүстік ағым — 2» жобасының аяқталуына қарсы.

Бұл құны 9.5 млрд еуроға бағаланатын «Солтүстік ағым — 2» жобасының құрылысы бойынша жұмыстар 95%-дан астамға дейін орындалып, ақыры соңында жүзеге асырылмауы мүмкін дегенді білдіреді.

Добавить комментарий