Кремльдің Орталық Азиядағы көршісіне қатысты ресми ұстанымы өзгеріссіз қалып отыр. Ресей саясаткерлерінің айтуынша, Қазақстан Ресей үшін таяу шет елдер арасындағы және жалпы әлемдік аренадағы басты серіктестердің бірі, ал тұрақты мемлекетаралық қатынастар мен ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестерді дамытуды ресейлік тарап өте жоғары бағалайды.
Батыс саясаттанушылары басқаша пікірде. Олар «Мәскеудің Қазақстанға қатысты саясаты дәйектілігімен және болжамдылығымен ерекшеленбейді» деп есептейді. Мысал ретінде депутаттардың Қазақстанға берілген сыйлықтар туралы сөздері, сондай-ақ СІМ басшысының бұған мән бермегені келтіріледі.
Батыс сарапшыларының пікірінше, «ҚР солтүстіктегі көршісінің мұндай ұстанымына таңданбауы керек, себебі Ресейдің геосаяси мақсаттарының бірі еуразиялық қуатты держава мәртебесіне ұмтылу».
Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл болған Қазақстан сыртқы саясатында көпвекторлы бағытты ұстанатын батыс және Азия елдері үшін сенімді әрі маңызды серіктес болып табылатын мемлекетке эволюцияланды. Бұл ретте ҚР Орталық Азиядағы экономикасы қуатты елдердің бірі. Батыс сарапшылары Мәскеу Қазақстан жүргізіп отырған саясатта екінші орында деп санайды.