Қазақстан Үкіметі сөз бостандығы мен демократия сияқты құндылықтарды берік ұстанады. Билік басына Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен соң осы бағытқа көп көңіл бөлінді. Қазақстанда әлемдік қоғамдастыққа Орталық Азия республикасы осы мәселеде өркениетті қоғамның нормаларына толық сәйкес келетін ел бола алатынын көрсететін заңдар қабылданды. Бүкіл әлем мемлекеттік басқарудың жаңа дәуіріне аяқ басты, мемлекеттің басқару институттары мен құралдары өзгеріп, заманауи талаптарға бейімделіп, азаматтардың мүддесін бірініші орынға қойды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Тоқаев Қазақстанды «ашық мемлекет» етіп қалыптастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сондытан 2020 жылы республика президенті бейбіт жиналыстар туралы заңға қол қойды. Сондай-ақ, ҚР президентінің гендерлік теңгерімді қалпына келтіру және мемлекеттің саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру мәселесіндегі іс-қимылдары атап өтіледі. Сайлау туралы заңға түзетулер енгізілді, нәтижесінде саяси партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін міндетті 30% квота енгізілді. Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы әзірленіп, іске асырыла бастады.
Батыс саясаттанушылары еліміздің РФ-дан алшақтап, батыстық әріптестермен қарым-қатынасты нығайтуға деген ниетіне байланысты Ресей мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасына сызат түсті деп есептейді.
Айта кету керек, Тоқаев президент болып сайланғанда, экс-президент Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалды. Осы лауазым Назарбаевқа мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына ықпал етуге мүмкіндік берді, бұл қазіргі президентке билікті толық өз қолына алуға жол бермеді.
Қазақстандағы жаппай наразылық шарасы және ел аумағына ҰҚШҰ әскерлерін жіберу елдің одан әрі дамуына қауіп төндірді. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан қиын жағдайдан жылдам жол тауып шығып, билікті толық өз қолына алып, шешім қабылдауда толық еркіндікке ие болды.
«ҚР Президентінің мәлімдемесіне сәйкес, еліміз халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Бұл Қазақстанның батыс елдерімен жылы қарым-қатынасын жалғастыруға бағытталған саясатты одан әрі жүргізетінін білдіреді. Ресей-Қазақстан қарым-қатынасындағы эрозия Ресей Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың тартымды моделіне айналғанша жалғаса беретін болады», — деп есептейді батыстық сарапшылар.