Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстан КВИ-ге қарсы вакцина жасау жұмыстарын аяқтады

19 августа 07:51 / Опубликовано в Маңызды

Қазақстанда ел аумағында ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде вакцина жасалды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаға клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері вакцинаның уытты еместігін және одан әрі еріктілерге қолданылуы мүмкін екендігін көрсетті.

Ұлттық орталықтың сайтында хабарлауынша, вакцина үлкен дозаны енгізу кезінде жануарлардың қауіпсіздігі мен организміне уытты әсер етуіне мұқият тексерілді. Ғалымдар вакцинаны енгізу орнында аллергиялық реакция мен тітіркендіргіш әсер жоқ екенін анықтады.

Зерттеудің жалпы әдістерінен басқа вакцинаның қауіпсіздік деңгейі қанның гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерімен расталды. Сондай-ақ, вакцинаның жануарлардың ішкі мүшелерінің жұмысына әсерін бағалады.

Зерттеудің клиникаға дейінгі кезеңінің нәтижелері көрсеткендей, COVID-19 қарсы отандық вакцина уытты емес және ерікті адамдарға одан әрі клиникалық сынақтарда қолданылуы мүмкін.

Жаңа вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін толық бағалау, және қазақстандықтарды вакциналау үшін, одан әрі кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет. Зерттеудің барлық кезеңдерін жүргізгеннен кейін ғана вакцинаның толық қауіпсіздігі туралы айтуға болады, – деді орталық фармакологиялық сынақ зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта.

Барлық эксперименттер Ұлттық сараптама орталығының өз вивариясында әр түрлі эксперименттік жануарларға қойылды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеп, оны клиникаға дейінгі зерттеулерге рұқсат етілген COVID-19 қарсы вакцина-кандидаттар тізіміне енгізген болатын.

Белсенділігі жойылған вакцинаны Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, оны Қазақстан аумағындағы науқастардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасаған.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: COVID-19, вакцина, вирус, коронавирус, пандемия, Қазақстан

Читать ещё

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр
ЖОО мен колледждердің бірінші курс студенттері аралас форматта оқитын болады
Бүкіл әлем бойынша бірқатар елдерде Telegram мессенджерінің жұмысында ауқымды іркіліс орын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: