Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан полиция бөлімінің бастығы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында Жаңақала аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Асқаров жол апатынан қаза тапты.

Жол апаты түнгі сағат 01:00 шамасында Жаңақала ауылынан төрт шақырым жердегі Чапаев-Жаңақали тас жолының 124 шақырымында болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz сайты Mgorod.kz. сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 жастағы Chevrolet Cobalt маркалы көліктің жүргізушісі рульдік басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу» бойынша тіркелді.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, сағат 01:18-де жедел жәрдем станциясының пультіне шақыру келіп түскен. Дәрігерлер бригадасы сағат 01:22-де оқиға орнына жетті, алайда зардап шеккен адам фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Автокөлікті Жаңақала аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Руслан Асқаров тізгіндегені белгілі болды. Көлік салонында ол жалғыз болған.

Полиция қызметкері жұмыс бабымен жүргені-жүрмегені әзірге белгісіз. Басқа да егжей-тегжейлер анықталуда.

Добавить комментарий