Оқиға автобус аялдамасында орын алды, сондықтан зардап шеккендер болмады.
«Жолаушылар автобустың аялдамада ұзақ уақыт тоқтағанына таңданып, жүргізушінің кабинасына жақындағанда басын рөлге қойып, аузынан көбік ағып жатқанын көрген», — деді куәгер.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 124 бағыттағы автоубус жүргізушісі Водник шағын ауданындағы аялдамада есінен танып қалған. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізгенімен, ол сол жерде қайтыс болды.