Башқұртстан: Қарттар үйі өртенді

Башқұртстанның жекеменшік қарттар үйлерінің бірінде өрт шығып, нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Қарттар ғимараттан өздігімен шыға алмаған.

РФ құқық қорғау органдарының хабарлауынша, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілмеген, себебі ол тәулік бойы адамдар болатын әлеуметтік нысан ретінде тіркелмеген.

«Қолда бар ақпараттарға сәйкес, ол жерде өрт қауіпсіздігі талаптарын, санитарлық ережелерді сақтау бойынша ешқандай бақылау-қадағалау іс-шаралары жүргізілмеген, өйткені бұл қарттар үйі тәулік бойы көп адамдар болатын әлеуметтік нысан ретінде тіркелмеген деп айтуға болады», — деді агенттік сұхбаттасушысы. Оның айтуынша, пансионат созылмалы аурулармен ауыратын 15 тұрғынға арналған.

Башқұртстанның Ишбулдино ауылындағы жекеменшік пансионаттағы өрт туралы хабарлама ТЖМ-ге сағат 00:53-те келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бір қабатты ғимараттың аумағы жанып жатқан- 72 ш.м. Сағат 04:00-де өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында 11 адамның денесі табыллды, төрт адам өз бетінше эвакуацияланған.

Оқиға орнында ТЖМ тергеушілері мен анықтаушылары жұмыс істеп жатыр. Өрттің алдын ала себебі — отқа немқұрайлы қарау. Жедел қызметтегі дереккөздің хабарлауынша, пансионатта пациенттердің тұрақты тұруына лицензиясы болмаған.

РФ ТЖМ оқиғаға түсініктеме берді: «Өрт хабарландырушылары болған, ал өрт сөндіру жүйесі болмаған».

Анықтама! Әлеуметтік қорғау ұйымдары үшін құрылыс ережелеріне сәйкес мұндай ғимараттар түтінді жою қондырғыларымен, от сөндіру жүйелерімен, өртке қарсы су құбырларымен және басқа да жүйелермен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ, өртке қарсы тәртіп режимі осындай мекемелерді жоспарлауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Башқұртстанның Абзелилов ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары Руслан Юсупов пансионатта өрт хабарландырушылары қосылғанын атап өтті. Өрт сөндірушілер келген кезде үй қызыл жалынға оранған.

ТЖМ пансионат ғимараты жеке тұрғын үй ретінде пайдаланылғанын атап өтті. «Құрылым жеке тұрғын үй ретінде пайдаланылды, үйде 2 түтінді өрт хабарландырушылары орнатылған», — деп хабарлады ТЖМ.

Добавить комментарий