Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Ресей үшін достас ел болып қала беретінін мәлімдеді.
Ол Қазақстанның Ресейге қарсы салынған санкцияларды қолдамайтынын еске салды.
«Өзара іс-қимылымызды одан әрі кеңейту, шетелден келетін сын-қатерлерге бірлесіп әрекет етуге және жағымсыз әрекеттердің салдарын барынша азайту туралы ниет мәлімделді», — деп атап өтті Песков.
Ол қос елдің үкіметтері тұрақты байланыста екеніне сендірді.