Қазақстанның негізгі банктері клиенттерді алаяқтықтан қорғауды жақсарту үшін қаржы реттеуішімен бірікті. Жаңа меморандум қаржы операциялары алдында геолокациялық деректерді мобильді банктік қосымшалар арқылы беруді көздейді.
Құжатқа сәйкес, операциялар жүзеге асырылғанға дейін клиенттен рұқсат алып немесе мұндай рұқсат жоқ екенін туралы хабарлап, мобильді құрылғының геолокациялық деректерін банкке беру талап етіледі.
Сондай-ақ қосымшаларда биометриялық сәйкестендіру, браузерде авторизациялау үшін деректерді сақтауға тыйым салу, сондай-ақ енгізілген деректерді жасыру және шифрлау көзделген.
Банктер күдікті операцияларды қадағалайтын және тергеу жүргізетін антифрод-қызметтерді құруға міндетті. Бес жыл бойы олар алаяқтардың құрбаны болған клиенттердің өтініштерін тексеруі тиіс.
Алаяқтықтың алдын алу үшін жүщеге асырылып жатқан жаңа шаралар қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және банктер клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.