Орал: Автокөлік аялдаманы қиратып кетті

Оралда ЖКО салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды. Олардың түрлі дәрежедегі жарақат алғаны хабарланды. Lada Priora көлігі, 6 қазан 2020 жылы сағат 23.04-те Гагарин көшесіндегі аялдаманы қиратып кетті.

Құқық қорғау органдарының түсініктемесі

«Lada Priora маркалы автокөлігі бар жылдамдығымен аялдамаға барып соғылып, оны қиратып кеткен. Көлікте 31 жастағы ер адам болған. ЖКО салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бақытымызға орай, басқа зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Орал қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеді», — деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Добавить комментарий