Ғалымдар баланың семіздігі мен анасының жүкті болғанға дейін дұрыс тамақтанбауы арасында байланысты зерттеп жатыр.
Бұл туралы «Популярная механика» басылымы жазады.
Британдық ғалымдар үш мың ананың рационы туралы мәліметтерді талдады. Әйелдерден олардың және балаларының диетасына қатысты сауалнамаларды толтыруды, соның ішінде жүктілікке дейінгі және уақыттағы қандай диета ұстанғанын толтыруды сұрады.
«Жас аналар академиялық біліктілігі төмен, темекі шегетін және жүктілікке дейінгі дене салмағының жоғары индексі (СЖИ) бар аналар, әдетте, балаларымен бірге нашар тамақтанатын топта болды», — делінген зерттеуде.
Балалар 8-9 жаста болғанда ғалымдар олардың денелеріндегі май тіндерінің санын, сондай-ақ баланың СЖИ-сын есептеп, оны жасы мен жынысын ескере отырып түзетті. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, анасының диетасының сапасының төмендігі (оның ішінде жүктілікке дейін) балада теңгерімсіз диета қалыптасуына, ағзадағы майдың неғұрлым жоғары пайызы мен сегіз-тоғыз жастағы СЖИ-дің жоғары болуына әкеп соқтырды.