«Соғыс әлі аяқталмайды»: АҚШ-та шенеунік Украинадағы соғыс туралы пікір білдірді

Украиналық БАҚ АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктің пікірін жариялады. Оның есімді жазбада көрсетілмеді.

Пентагон өкілінің пікірінше, украиналық әскерилер соғыс қимылдарын сәтті жүргізіп отырғандықтан олардың моральдық рухы жоғары.

«Соғыстың әлі аяқталмайтынын бәріміз де білеміз», — деді АҚШ Қорғаныс министрлігінің шенеунігі.

Украина үлкен прогреске қол жеткізді, бірақ Пентагонның пікірінше, соғысты жалғастыру үшін Құрама Штаттардың, одақтастар мен серіктестердің қолдауына ие болуы тиіс.

«Біз Украинаның орта және ұзақ мерзімді қажеттіліктері бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», — деп мәлімдеді шенеунік.

Добавить комментарий