Балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды

Тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте баланың қалтасынан смартфонын ұрлаған ер адамды қылмыс үстінде ұстады.

Ол осыған ұқсас басқа да қылмыстарды қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

«Балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды. Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан. Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы Д.есімді азаматты ұстады. Қаскөй баланың қалтасынан смартфонды ұрлап кеткен. Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды», — деді ол.

Рустам Әбдірахманов ҚР ҚК-нің 188-бабы — «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, қылмыстық іс Медеу ауданының ПБ жанындағы тергеушілерге брілгенін. айтты.

«Күдікті қамауға алынды. Алматы облысының тумасының осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелерін бақылауға алды», — деп атап өтті ол.

Добавить комментарий