Балаларды милитаризациялау: Батыс сарапшыларының РФ-дағы әскери дайындыққа қатысты пікір білдірді

Украина аумағындағы қарулы қақтығыс Ресейде халықтың барлық топтарына өз әсерін тигізді. «Соғысқа аттанған ересек ресейліктер ғана емес, балалар да осы қанды соғыстың құрбаны болып отыр », — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Әңгіме мектеп бағдарламасына әскери даярлыққа байланысты пәндер мен іс-шаралар енгізіліп жатқаны туралы болып отыр. Оның мақсаты ресейлік жас буынды мемлекетке адал қызмет етеіндей етіп тәрбиелеу.

Олар «Парта Героя» жобасын мысал ретінде келтіреді. «Парта Героя» жобасында Украина аумағында қаза тапқан ресейлік әскерилер туралы ақпарат болады. Мұндай парталар бүкіл Ресей бойынша мектептерде қойылады.

«Ресейлік оқушылар үшін бұл жаңашылдық психикалық жарақат болып табылады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Ресей мектеп бағдарламасына, соның ішінде патриоттық тәрбие беру мәселесіне баса назар аударып отыр.

Фото: Батыс сарапшылары ресейлік мектептердегі тәрбие жұмыстарын сынға алды

«Мұндай өзгеріс жас ұрпаққа қажет және пайдасын тигізеді, деп есептейді ресейлік шенеуніктер, бірақ іс жүзінде ресейлік пропаганда машинасы мектептерге мұрнын сұғып, оқушыларда «белгілі бір дүниетанымды» қалыптастырып, оларды «дұрыс» бағытта тәрбиелеп жатыр. Мәселен, бүкіл Ресей бойынша мектептерде «Маңызды әңгіме» деген пән енгізілді. РФ билігі мен пропаганда аталған пән патриотизм тәрбиелеуге, азаматтық тәрбиеге, тарихи білім және т.б. бағытталғанын мәлімдеді. Аталған пәнде мұғалімдер оқушыларға Ресей неліктен Украинаға басып кіргенін айтып береді».

Ресейдің Оқу-ағарту министрлігі Украинадағы соғыс туралы курс, сондай-ақ Калашников автоматынан оқ атуды және граната лақтыруды үйрететін мектеп бағдарламасын бекітті. Ондаған миллион рубльге граната мен автоматтардың макеттері сатып алынады.

Фото: Батыс сарапшылары ресейлік мектептердегі тәрбие жұмыстарын сынға алды

Аталып өткендей, Ресейде соңғы жылдары көптеген оқушылар РФ аумағында құрылып жатқан кадет және жасөспірімдер армиясы сыныптарына кетіп жатыр.

Батыстық саясаттанушылар РФ-да болып жатқан өзгерістерді былайша түсіндіреді: «Ресейліктерге мұндай жаңашықтарды тек патриоттық тәрбие беру деп аталады. Шын мәнінде олардың патриотизммен ешқандай байланысы жоқ, ол арқылы миды улап жатыр».

Добавить комментарий